1982 жылғы көне автобусқа мінген Идил мен Бурак Дуран екі жасар ұлымен бірге 8-13 қыркүйекте Қазақстанда өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына бара жатыр.
Клиникалық психолог Идил Дуран мен ағаш ұстасы Бурак Дуран екі жасар ұлы Гүнеш Кутлуханмен бірге Ыстанбұлдағы күнделікті тіршілігін уақытша тастап, 9 айдан бері «Көшпенді» деп аталатын автобуста өмір сүріп келеді.
1982 жылы шыққан жолаушылар автобусын трейлерге айналдырған Дуран отбасы «Ол қай жақ» деп аталатын әлеуметтік желідегі парақшасында күнделікті өмірі мен саяхатынан сыр шертеді.
Сапарын ел астанасы Анкарадан бастаған Дурандар Астанаға дейін 5400 шақырым жолды жүріп өтуі керек.