Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі болып тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
«Әділет» жоғары құқық мектебін және «Астана» университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы жеке меншік ұйымда бас маман болып бастаған.
2004-2012 жылдары мұнай саласындағы кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда болды.
2012-2016 жылдары KPMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, трейдинг жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді.
2016 жылдан 2022 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
2022 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы болып қызмет етті.
Одан кейін ҚР Энергетика вице-министрі болып тағайындалған.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалған болатын. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.