Ерлан Битанов ҚМА-ның Ұлытау облысындағы департаментіне басшы болып тағайындалды
10:40, 25 Маусым 2024
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Агенттік Төрағасының бұйрығымен Битанов Ерлан Жанғазыұлы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Ерлан Битанов бұған дейін Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.