«Бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда қазақ блогы саласы өзекті қоғамдық-саяси оқиғаларды, елдің әлеуметтік-экономикалық саласындағы жаңалықтарлы талқылауға бағытталмаған. Бұл түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін - аудиторияның бағдары, блогерлер пікірінің тәуелсіздігі мен олардың тақырыпты таңдаудағы еркіндігі. Қазақ тілді БАҚ-тағы контент-талдауға қарағанда оны әлеуметтану мақсатында қолдануға пайдасы шамалы», - дейді «Нұр Отан» ХДП-ның хатшысы Ерлан Қарин.
Қазақ блогерлерінің өзге де ерекшеліктерін сөз еткен саясаттанушының айтуынша, қазақ блогы саласы мен қазақ тілді ақпарат құралдарының ортақ тақырыбы бары байқалады. Ол - қазақ тілінің жағдайы мен даму келешегі мәселелері. Ал қазақ блогы мен орыс тілді ақпарат құралдарындарының тақырыптарының арасында ұқсастық мүлдем жоқ деуге болады. Е. Тынымбайұлының сөзіне қарағанда, Қазнеттегі орыс тілді блогтарда коммерциялану басталып жатыр. Қазақ тілді ресурстардың дамуында тек қана авторлардың белсенділігі мен шығармашылық қызғушылығы басым. Бұл қазақ блогының артықшылығы да, кемшілігі де бола алады. Жалпы, блогтарды азаматтық қоғамының бір ошағы деп қарастыруға болады. Қазақ блогы саласы болашақта адамдардың тәуелсіз қауымдастығы және маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру алаңы бола алады.