Ерлан Қарин елордадағы WTT Star Contender турнирінің жеңімпаздарын марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM — Вице-президенті Ерлан Қарин Астанада алғаш рет өткен үстел теннисінен WTT Star Contender санатындағы халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.

Фото: Видеодан скрин

— Осы күндері еліміз үстел теннисінен кезекті халықаралық ірі турнирді қабылдады. Астанада тұңғыш рет WTT Star Contender санатындағы дода ұйымдастырылды. Жарыс Қазақстан Республикасы Президентінің Ашық Кубогы аясында өтті, — деп жазды Ерлан Қарин. 

Айта кетейік, елімізде үстел теннисінен Қазақстан Президентінің ашық кубогі 15-20 қыркүйек аралығында елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады.