Ерлан Қарин елордадағы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
11:46, 09 Мамыр 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай Астана қаласындағы Рақымжан Қошқарбаев ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ азаматтық қоғам және белсенді жастар өкілдері қатысты.
Шараға қатысушылар соғыста жеңіс үшін күрескен жауынгерлердің ерен ерлігін бір минуттық үнсіздікпен еске алып, қазақстандық майдангерлерге құрмет көрсетті.