АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекеттік кеңесші Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелер басшылығының және орталық мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен этносаралық келісімді нығайту мәселесіне қатысты жиын өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Отырысқа қатысушылар этносаралық және конфессияаралық татулықты сақтау, азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынас жасау, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Заң мен Тәртіп идеологиясы қағидаттарын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Жиын соңында Ерлан Қарин жауапты мемлекеттік органдарға этносаралық келісімді нығайту үшін ішкі саясаттың басым бағыттарына байланысты нақты тапсырмалар берді.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.