Өзінің тұрақты əрі бейбіт жағдайы арқылы танылған Қазақстан үшін бұл оқиғалар қалай болғанда да күтпеген жағдай болған еді. Сондықтан болар, көпшілік қауымның біразының назарын тапа-тал түсте əскери бөлім мен полицияға шабуыл жасаған радикалдардың əрекеті қайран қалдырса, енді біразы осындай шабуылдардың жиілеп кеткеніне алаңдаулы. Осы мəселелерге байланысты көптеген сұрақтар туындап отыр. Азаматтардың басым бөлігі «Бұл қалай болды? Терактінің артында кім тұр? Террористердің көздеген мақсаты не?» деген сұраққа алаңдаушылық танытуда.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РАДИКАЛДАР ДЕГЕН КІМДЕР? Ұзақ жылдардан бері терроризммен күресіп, ұйымдасқан радикалдық күштер мен террорлық топтарға (Мəселен, Аль-Каида, Өзбекстан ислам қозғалысы, Түркістан ислам партиясы - барлығына Қазақстан аумағында тыйым салынған) қарсы күресіп жатқан басқа елдермен салыстырғанда, біз əзірге шағын жəне өзара байланыспаған радикалдық топтармен бетпе-бет келіп отырмыз. Кезінде біз 2003-2013 жылдар аралығындағы терроризм бабы бойынша барлық қылмыстық істерге талдау жасаған едік. Талдау барысында экстремистік іс əрекетке қатысы бар деген əртүрлі 19 топтың 227 радикалының өмірбаянымен таныстық. Сараптама нəтижесі бойынша, бұл топтарды шартты түрде 3 түрге бөлуге болады: «Диверсиялық» (Сырт тан арнайы жоспар мен мақсатпен дайын далған адам дар), «Жамағат» (Діни экстремистік негіз де жиналған радикалдар тобы), «Банды» (Көшбасшының немесе басқа бір фактілердің əсерінен радикалданған қарапайым қылмыстық топ). Қазақстанда көбіне аталған топтарды діни жəне қылмыстық негіз бойынша біріккен адамдар құрайды. Ақтөбеде əрекет еткен радикалдар осындай топтардың бір көрінісі болып отыр. Шабуыл жасағандардың жетеуі ұрлық, адам өлтіру, зорлау, ұрып соғу бойынша бұрын сотталса, екеуі бұрын экстремистік əрекеті үшін жауапқа тартылған болатын. Алматыдағы шабуылға қатысушы да бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты. Белгілі бір дəрежеде діни топтар мен қылмыстық топтардың араласуына, қылмыскерлердің түзеу колонияларын да экстремистік иделогияның шырмауына түсіп қалуынан болып жатыр. Əри не, қазіргі таңда түзеу колонияларында айып талғандармен тиісті жұмыс жүргізілу де. Алайда, ондағы жағдай құзырлы орган ның қатаң бақылауында болғанымен жағдай бəрібір де күрделі.
РАДИКАЛДАР ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНА НЕГЕ ШАБУЫЛДАЙДЫ?
«Радикал топтар тек қана құқық қорғау органдарына шабуыл жасайды» деген пікір қате. Талдау барысында анықталғандай, бейбіт тұрғындар да радикалдық топтардың құрбанына айналып отыр. Мысалы, радикалдардың қолынан көбінесе кəсіпкерлер, автокөлік пен такси жүргізушілері, сауда орталықтарының қызметкерлері мен көшедегі кездейсоқ адамдар құрбан болуда. Ал радикалдардың құқық қорғау органдары мен полиция учаскелеріне, ҰҚК департаменті мен əскери бөлімдерге шабуыл жасауы - қару иемденіп алу мақсатында жасалып отыр. Немесе радикалдық топтардың шабуылы құқық қорғау органдарына өздерінше көрсеткен сесі мен өзіндік кек қайтаруы болуы мүмкін. Мысалы, құқық қорғау органдары Ауғанстан немесе Сирия елдеріндегі радикалдық топтарға қосылғысы келетін азаматтарға кедергі келтіріп, соңына түскенде олар өшігіп, қарсы əрекет ұйымдастыруы ықтимал. Жəне де, олардың көп жағдайда арнайы дайындалған жоспары мен тактикалық іс-əрекеттері жоқ. Көп жағдайда радикалдық топтар шын мəнісінде бұрын болған белгілі бір оқиғаларды қайталап жасауға тырысатыны белгілі. Бірақ та, радикалдардың бұл іс-əрекеттері бəрібір де жиі террорлық акт болып есептеледі, себебі олардың мұндай əрекеттері түптің-түбінде қоғам ішінде үрей таратып, жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған. Мысалы, менің ойымша, Алматыдағы соңғы оқиға, қылмыскердің негізгі мотивін қалай атасақ та, негізі теракті болып бағалануы керек. Себебі, оның іс-əре кетінде террорлық акцияның кейбір элементтері бар. Мысалы, қылмыскер мемлекеттік биліктің ғимараты мен нысандарына шабуыл жасау арқылы қоғамдық тұрақтылықты бұзып, азаматтарды қорқынышта ұстауға тырысты.
ДАИШ ПЕН ƏЛ-КАИДАНЫҢ ШАБУЫЛДАРҒА ҚАТЫСЫ БАР МА?
Ақтөбе мен Алматыдағы терактіге ешқандай да ұйымның қатысы жоқ деп нық сеніммен айта аламыз. Бұған дейін де айтылғандай, бұл жергілікті радикалдық топтың ұйымдастырған бір əрекеті. Мұндай топтарды сарапшылар өзара «Ұйқыдағы топтар» деп айтады, себебі, олар нақты бір жоспары жоқ, белгілі бір ұйымның бөлшегі емес, өз бетімен құрылып, бұрын аса бір əрекеттерді жасамаған жəне белгілі бір радикалды идеологияның жақтаушысы. Бұл топтарға əлеуметтік желідегі шет елдің пропагандалық бейнеро ликтері мен фото суреттері əсер етуі мүмкін. Мəселен, 2013-2016 жыл дардың аралығында ДАИШ тарапынан қазақ стан дық содырлар дың қатысуымен 5 ресми видеосы таратылған. Одан басқа, Орталық Азия елдерінен Сирияға кетіп, соғы сып жүр гендердің əлеу мет тік желілердегі көпте ген ак каунт тарын есеп те ме ген де жүздеген түрлі əуесқой деңгейде түсі ріл ген фото-видео материалдары жүр. Өкі ніш ке қарай, радикалдар осындай роликтерді əсіресе «Вконтакте» əлеуметтік желісінде емін-еркін таратып отыр. Ақтөбе оқиғасына қатысқан радикалдық топ ДАИШ немесе əл-Каиданың ешқан дай мүшесі немесе бөлшегі емес. Бірақ та, олардың тосын əрекетке баруына интер неттегі жанама үндеу əсер етуі мүмкін. Мысалы, Ақтөбе оқиғасынан 2 апта бұрын бірқатар əлеуметтік желілерде ДАИШ тобының бір көсемдері теракті жасауға шақырған аудиоүндеуі таратылған болатын. Осы үндеуде бірнеше елдер аталған болатын, сондықтан, мұндай оқиғалар кез келген елде орын алуы ықтимал. Мəсе лен, Бангладеш, АҚШ, Франция елдерінде орын алған соңғы террорлық актілер осымен байланысты болуы мүмкін. Содан болар, мамыр айының соңында АҚШ Мемлекеттік департаменті өз азаматтарына Еуропа елдерінде жаздың үш айында орын алуы мүм кін терактілер туралы алдын ала хабарлаған болатын. Бұл кездейсоқ ескерту емес. Біріккен Ұлттар Ұйымының соңғы мəліметтері бойынша, əрбір мұсылман үшін қасиетті болып есептелетін Рамазан айы кезінде ДАИШ жақтастары əлемнің 16 түрлі елінде 393 террористік шабуыл ұйымдастырған екен.
«ҰЙҚЫДАҒЫ РАДИКАЛДЫ ТОПТАРДЫҢ» МАҚСАТЫ ҚАНДАЙ?
Бұған дейінгі терроризм қаупі жайын дағы пікір-таластарда негізінен сырттан келетін қауіпке көп назар аударылды. Мысалы, көбінекөп Ауғанстаннан келетін содыр лар Орталық Азия аймағының белгілі бір бөлігіне еніп, жағдайды бұзуы мүмкін екені айтылып келді. Сондайақ, терроризм проблемасы Сирия мен Ирак жеріне əртүрлі елдерден барып соғысып жатқан радикалдар бойын ша бағамдалатын. Көптеген сарап шылардың ай туын ша, ДАИШ құрамында соғысып жатқан азаматтар отанына оралған соң өз ел дерінде терактілер ұйым дастыруы мүмкін бола тын. Алай да, біз сырттан келетін террористік ұйым дардың шабуылына баса назар аударып, аймақтың ішіндегі «ұйқыдағы топтардан» келетін қауіп деңгейін болжай алмай қалдық. Кез келген елде жəне кез келген қоғам да радикалдық идеяны ұстанған адамдар тобы бола ды. Олар өз ішінде əртүрлі жоспар құруы мүмкін. Аталған топтар халықаралық террорлық ұйымның мүшесі немесе филиалы бо лмайақ, тіпті шетелдік ешқандай топтар мен бай ланыспай-ақ өз еліне қауіп төндіре алады. Осындай адамдардан келетін қауіп - жүйеленген үлкен топтардан келетін қауіп тен аспаса, кем емес. Өйткені, олардың іс əрекетін алдын ала болжап білу оңай емес. Сол себепті, біз бұрыннан айтып келе жатқандай, сырттан келетін шабуылмен қатар ішкі радикалдық топтардан келетін қауіпті ескеруіміз керек. Біздің бұл сөзімізге соңғы уақыттары Франция, Германия, Бангладеш, АҚШ ел дері бет пе-бет келген қанды қырғындар дəлел бола алады. Ал біз əзірге кішкене радикалдық топтармен немесе бір адамның іс əрекетіне бетпе-бет келіп отырмыз. Олар қоғам да болып жатқан белгілі бір жағдайдың əсерінен осындай белсенді іс əрекетке барады. Сондықтан, Ақтөбе мен Алматыда орын алған жағдайлар арнайы жоспар-мақсатсыз орын алған радикалдық акция болып табылады.
БІЗДІ БОЛАШАҚТА ҚАНДАЙ ҚАУІП КҮТІП ТҰР ЖƏНЕ БІЗГЕ НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?
Соңғы жағдайға қатысқан радикалдық топтардың ешқандай дайындығының болмауы, əрине, біздер үшін ұтымды жақ. Қазақстанда орын алып жатқан террорлық актілердің қандай да бір нақты институцио налдық жəне идеологиялық негізі жоқ. Біз əзірге жүйесіз, өзара ұйымдаспаған, өз əрекет терін нақты жоспарламаған радикал дық топтармен бетпебет келіп отырмыз. Ендігі біздің мақсатымыз олардың орнына арнайы оқытылып жəне дайындалған террорис тердің келуіне жол бермеу. 2011-2012 жылдардағы оқиғалардан кейін біз басқа мəселелерге көңіл аударып, орын алған жағдайды бір реттік радикалдық белгі ретінде қабылдадық. Енді болса, бұл қауіп қатерге қарсы нақты жəне тиімді шара қолданар үшін, біз, ең алдымен, экстремизм мен терроризм қаупі ұзақ уақыттық тренд екенін түсінуіміз керек. Біз толқын іспетті радикалдық белгілер мен бетпе-бет келіп отыруымыз ықтимал. Бұл жерде радикалдануға əсер етіп отырған мəселенің себеп-салдарына назар аудару қажет. Ең бірінші - əлеуметтік экономикалық мəселелер болып отыр. Жасыратыны жоқ, елімізде жұмыссыздық, жала қы ның төмендігі, криминалдық жағдай, жем қор лық, жастардың қоғамға бейімделе (Мар гинализация) алмауы сынды əртүрлі мəселелер жастарға қиындық тудырып отыр. Айналып келгенде, мұның бəрі əлеуметтік теңсіздік əсерін күшейтіп, радикалды идеологияларды уағыздаушыларға қолайлы жағдай жасауда. Бірақ, осы мəселелерді объективті жəне дұрыс бағамдау арқылы ғана біз көптеген қауіп-қатерлерді дəл анықтап қоймай, болашақтағы дамудың жаңа басым дық тарын да айқындай аламыз. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет пен қоғам бұл қауіппен ұзақ мерзімді күреске дайын болуы қажет. Əрине, соңғы оқиғалар біз үшін жаңа үлкен сынақ болып отыр. Алайда, осы жағ дай кезін де біз отандастарымыздың жауапкершілігі мен ауызбіршілігін де көрдік. Мəселен, кей бір азаматтар жараланғандарға дереу көмек көрсетіп жатса, басқалары медицина орталықтарында қан өткізу үшін кезекке тұрып жатты. Бұл бізге бір ұлт, бір халық ретінде ұйысуда ауыр болса да, үлкен сабақ, тəжірибе. Тек қана бір-бірімізге қол ұшын беріп, қолдау көрсетіп, көмектесу арқылы ғана біз бұл қауіп-қатерге тойтарыс бере аламыз.