Ерлан Қарин: Конституциялық заңдар пакеті саяси реформалардың құқықтық негізін күшейтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин конституциялық заңдар пакетінің қабылдануы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалық бастамалардан нақты құқықтық тетіктерге дейінгі жүйелі әрі дәйекті сипатын бекітетінін атып өтті.

Фото: Ақорда

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар екінші оқылымда 6 Конституциялық заңды қабылдады:

1. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы»;
2. «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы»;
3. «Қазақстан Халық Кеңесі туралы»;
4. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы»;
5. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»;
6. «Бірқатар конституциялық заңдарды Конституцияға сәйкестендіру туралы» (сайлау туралы, республикалық референдум туралы, Үкімет туралы, сот жүйесі туралы, Конституциялық Сот туралы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы, Прокуратура туралы және басқа да заңдар).

— Аталған конституциялық заңдар пакетінің қабылдануы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалық бастамалардан нақты құқықтық тетіктерге дейінгі жүйелі әрі дәйекті сипатын бекітеді. Бұл — жаңартылған мемлекеттік-саяси модельдің құқықтық негіздерін нығайтатын 2026 жылғы Конституциялық реформаны жүзеге асырудағы аса маңызды кезең, — деді Ерлан Қарин.

Айта кетелік Парламент Президент пен вице-президенттің құқықтық жағдайын айқындайтын Заң қабылдаған еді