Ерлан Қарин Мереке Құлкеновпен қазақ әдебиетінің дамуын талқылады

АСТАНА. KAZINFORM — Вице-президент Ерлан Қарин Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, белгілі қаламгер Мереке Құлкеновпен кездесті.

Фото: Видеодан скрин

Бұл туралы Вице-президент Instagram-дағы парақшасында жазды.

— Тіл нормаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды тағы бір мәрте қайта пысықтадық. Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, белгілі қаламгер Мереке Құлкеновпен кездесіп, Одақтың алдағы жоба-жоспарлары, жалпы отандық әдебиеттің дамуы жөнінде пікір алмастық, — делінген жазбада.

Бұдан бұрын Вице-Президент Еуропалық одақтың Орталық Азиядағы арнаулы өкілімен кездескенін жазғанбыз.