Ерлан Қарин Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёевамен кездесті

Фото: erlankarin2019

АСТАНА.KAZINFORM - ЮНЕСКО Бас конференциясының кезекті сессиясы аясында Самарқандта Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёевамен кездестім, деп жазды Мемлекеттік Кеңесші өзінің парақшасында.

-Екі ел арасындағы, соның ішінде ЮНЕСКО аясындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл әлеуетін талқыладық. Өңірлік бастамаларды ілгерілету, ЮНЕСКО аясындағы трансұлттық номинацияларды ұтымды үйлестіру жұмыстарын жалғастыру жөнінде пікір алмастық,-деп жазды Ерлан Қарин.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Бас конференциясының (ЮНЕСКО) 43-ші сессиясында сөз сөйледі.