Ерлан Қарин Ресей президентінің арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесті
19:57, 23 Қазан 2023
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ресей президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты өзекті мәселелер талқыланып, сондай-ақ, театр өнері, көрмелер ұйымдастыру сынды басқа да бағыттарда мәдени тәжірибе алмасу жобаларын бірігіп жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап мәдени-гуманитарлық саладағы белсенді байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты.