«Тағы бір маңызды мәселе, бірнеше елдің телеарналары prime-time эфирінде біздің жобамызды көрсетуге ниет білдіріп отыр. Олардың ішінде: Dream Turk (Түркия), Zor TV(Өзбекстан), Tugan TEL (Башқұртстан), CBC(Әзербайжан), КТРК(Қырғызстан), ТВ Сафина ТВС (Тәжікстан), ТНВ (Татарстан) арналары бар», - деп жазады Ерлан Қарин.
Еске сала кетейік, «Qazaqstan» ұлттық арнасында 30 қыркүйектен бастап «Жібек Жолы Жұлдыздары» жобасы көрсетіліп келеді.
Айта кетерлігі, отандық телевидениеде мұндай деңгейдегі халықаралық музыкалық тележоба бұрын-соңды болмаған. Жобаның негізгі мақсаты - осы арқылы қазақ музыкасын кең тұрғыда насихаттап, шет елдерде таныту. «Жібек Жолы Жұлдызы» жобасына 9 елдің, атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Грузия, Ресей Федерациясының: Татарстан, Башқұрстан сияқты елдерінің жарқын жұлдыздары қатысып, олар бір сахнада бақ сынасуда.