Ерлан Қарин Түркі академиясына 70-тен астам сақтар мен ғұндардың жебелерінен тұратын жеке коллекциясын табыстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық Түркі академиясының мұражайына ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин 70 жебеден тұратын өзінің жеке коллекциясын тапсырды.

Жәдігерлер хронологиялық тұрғыдан тас дәуірінен бастап ХІХ ғасырға дейінгі аралыққа жатады. Ежелгі оқтардың басым көбі сақ, ғұн және түркі-моңғол жауынгерлерінікі. Ерлан Қариннің бұл топтаманы жинауына моңғолиялық зерттеуші Сұраған Рахметұлы үлес қосқан.

Айта кетейік, Халықаралық Түркі Академиясының жанынан ашылған мұражай 2014 жылдың күзінде тұтастай қайта жаңғыртылып, соны жәдігерлермен толықтырылды.