«Бүгінде еліміз «жасыл» аймақта, яғни тәуекелі төмен аймақта тұр. Қаупі жоғары немесе «қызыл» аймақта екі өңір бар. Олар: СҚО мен Павлодар облысы. Алдыңғы аптамен салыстырғанда «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа Қостанай және Ақмола облыстары ауысты, қазір «сары» аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, ШҚО және Атырау облыстары тұр. «Сары» аймақтан «жасыл» аймаққа БҚО ауысты», - деді баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов.
Оның айтуынша, өткен екі апта ішінде коронавируспен ауырғандар саны 10 пайызға көтерілген. Ауру-сырқаудың өсу жағдайы Атырау облысында 1,9 есе, Жамбыл облысында 1,8 есе, Ақмола облысында 1,7 есе, Павлодар облысында 1,5 есе өскені байқалады.