Ерлан Қошанов депутаттар алдында жұмыс қорытындылары туралы есеп берді

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыда облыстық мәслихаттың кезектен тыс 28-сессиясы және облыс активінің отырысы. Ерлан Қошанов өңірде өткен жарты жыл ішінде қандай жұмыс жүргізілгені туралы баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, облыс әкімі Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламентінің кеңейтілгенотырысында қойған міндеттерді жүзеге асыру туралы айтты.

ЕрланҚошанов Президент облыс әкімдеріне қойған басты міндет - ел азаматтарыныңәл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті. Әкім жалақыны көбейту, әлеуметтік көмекжәне инфляцияны тежеу есебінен өңір халқының ақшалай табысының 8,1%-ға нақтыөсуі қамтамасыз етілгендігін хабарлады.
- Президенттің несие қарызын есептен шығару жөніндегі бастамасы облыстың 40 мыңәлеуметтік осал топтарға жататын тұрғындарына айтарлықтай қолдау көрсетеді.Бірақ, бұл бір жолғы акция екенін адамдар түсінуі тиіс. Және мұндай болмайды.Атаулы әлеуметтік көмекке 20 мыңнан астам облыс тұрғыны өтініш білдірді. Енді10 мыңға жуық отбасы АӘК алады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есе көп.Бюджет қаражатының шығыстары 6 есе өсті. Көптеген шағымдар өздерінің нақтытабысын жасырған кейбір тұлғалардың алаяқтық салдарынан АӘК әділетсіз бөлінуінеәкеп соқты. Мұндай ескертуді Мемлекет басшысы барлық өңірлерге жасады. Мен қалажәне аудан әкімдеріне АӘК тағайындау мен төлеу заңдылығы мәселесін жеке бақылауғаалуды және осы жұмысты 22 шілдеге дейін аяқтауды тапсырамын. Бюджеттік ақшақатаң түрде мақсаты бойынша жұмсалуы тиіс. Депутаттар мен партиялықтардыңтүсіндіру жұмыстарына қосылуын сұраймын, - деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Облыс әкімі сондай-ақ банктерді «қарапайым заттар экономикасы»бағдарламасына белсенді қатысуға шақырды. Ал өнеркәсіп кәсіпорындары өңдеуөнеркәсібі саласында жаңа инновациялық жобаларды іздестіру бойынша жұмыстыжандандырсын.
- Президент айтқандай, өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймай, өндірілетін жәнеэкспортталатын тауарлардың себетін «күрделендіру» де маңызды, - депатап өтті Ерлан Қошанов.
Ол қазір облыс өнімі 49 елге экспортталатынын еске салды. Бірақ жаңа ішкінарықтарды игеру туралы да ұмытуға болмайтынын айтты. Бұл үшін «қарапайымзаттар экономикасының» әлеуетін толыққанды пайдаланған жөн. Қазір бұлбағдарламаға барлығы 116 кәсіпорын қатысуда. Оның 5-і ғана 2,5 млрд. теңгегенесие алды.
- Бұл жеткіліксіз. Банктер жұмысқа белсенді түрде кірісуі қажет. Ал қала жәнеаудан әкімдері осы бағдарламаның артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралыжергілікті кәсіпкерлерге айтып берді. Оларға осы ақшаны өте тиімді жағдайдапайдалануға мүмкіндік беру керек, - деп атап өтті аймақ басшысы.
2020 жылдан бастап жергілікті бюджеттердің кіріс базасына шағын және ортабизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы берілетін болады. Бұл қалалар менаудандар әкімдері үшін уәждеме болуы тиіс.
- Табысты кәсіпкерлер көп болса, жергілікті бюджет соншалықты бай болады, -деді Ерлан Қошанов.
Сонымен қатар өңір басшысы бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы да ескесалды. Ол аудан және қала әкімдерін жергілікті бюджетті жоспарлау кезінде еңалдымен облысты дамыту мақсатына бағыттауға шақырды. Бұл бірінші кезекте –сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік, тұрғын үй, экологиялық және басқада өзекті мәселелер.
- Әкімдерге жоспарланған жобалардың әлеуметтік және экономикалық жағынанқаншалықты тиімді болатынын анықтау керек. Бұл жұмысқа біз депутаттық корпуспен қоғамдық кеңестің белсенді қатысуын күтеміз, - деді аймақ басшысы.
Агроөнеркәсіп саласында Президенттің жерді тиімді пайдалану туралы тапсырмасынаназар аудару керек. Бүгінде облыста 91 мың гектардың тек 20 мыңнан астамы ғанапайдаланылуда. Маңызды міндет - ауыл шаруашылығын цифрландыру. Қазірцифрландыру әдістері екі ірі шаруашылықта табысты қолданылуда. Биыл дәлегіншілік элементтерін тағы 28 шаруашылыққа енгізу жоспарланып отыр.
Аймақ басшысының пікірінше, басты ашылмаған ресурс кәсіпкерлік болып табылады.
- Біздің міндетіміз – бизнес үшін ең қолайлы жағдай жасау. Екінші жыл облысәкімі жанынан кәсіпкерлік жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Президент бизнеспендиалогтың жаңа форматын алға қойды. Біз елдегі бірінші болып «есепкүнін» өткіздік, онда қадағалау органдары керісінше бизнес алдында есепберді, -деп атап өтті аймақ басшысы.
Ерлан Қошанов атап өткендей, Мемлекет басшысы туризмді дамытуға ерекше көңілбөледі. Қарағанды облысында негізгі тірек жасалатын өсудің 3 нүктесі таңдалыпалынды. Бұл Балқаш маңындағы курорттық аймақ, «Ұлытау» тарихи-мәденикешені және Қарқаралы курорттық аймағы. Онда инженерлік коммуникациялар менинфрақұрылымды құруды қамтамасыз ету қажет. Ұлытауда, атап айтқанда, сапарорталығы, жолдар, мұражай салынуда.
Облыс әкімі сондай-ақ соңғы жылдары облысқа инвестиция ағыны артып келе жатқанынхабарлады. 1 трлн-нан астам сомаға 35 жаңа ірі инвестициялық жоба іске асырылуда.7 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде шетелдік капиталмен 17жоба бар.
Облыстық мәслихаттың сессиясына және облыс активінің отырысына 30 депутат, сондай-ақҚР ПӘ Мемлекеттік инспекторы Сәлімгерей Бекбергенов, облыс әкімініңорынбасарлары, қоғамдық кеңес мүшелері, басқармалар мен департаменттердіңбасшылары және басқалар қатысты.

Соңғы жаңалықтар