АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің атынан Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне барады.
Бұл ақпаратты Мәжілістің баспасөз қызметі Kazinform тілшісіне растады. Спикер бүгін Мәжілістің жалпы отырысына жартылай қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Иранның сегізінші президенті Ибрахим Раиси 19 мамырдан 20 мамырға қараған түні тікұшақ апатынан қаза тапты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Дәулет Ізтілеу
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Бұған дейін "Қазконтент" АҚ e-history порталында тілші, "Елорда инфо" ақпарат порталында тілші болған. 2018 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.