АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлім етті.
— Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 8 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын, — деп жазылған Өкім мәтінінде.
Еске сала кетейкі, сегізінші сайланған Парламенттің төртінші сессиясы ресми түрде 2 қыркүйек күні ашылған болатын.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)