Ерлан Қошанов «Шұбаркөл көмір» компаниясының жұмысшыларымен кездесті

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Шұбаркөл көмір» АҚ жұмысшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы тау-кен жұмыстарын жүргізетін «орталық» көмірразръезінде болды. Ол осы жылы кәсіпорынға келіп түскен өндірістік алаң менжаңа техниканы қарап шықты.

Қызметкерлер соңғы жылдары жабдықтар жаңартылып, өндіріскөлемі өсіп жатқанын атап өтті. Бірақ жұмысшыларды бірінші кезекте - еңбеккеақы төлеуге қатысты мәселені сұрады. Кәсіпорын басшылығы 1 қаңтардан бастапқосалқы персонал үшін жалақыны көбейту мәселесі қаралатынын хабарлады. Қазір олардың еңбекақысы негізгі қызметкерлергеқарағанда азырақ.

«Біздің, яғни жергілікті атқарушы биліктің жұмысы - сіздердің әл-ауқаттарыңыз бен өмір сүру жағдайларыңызлайықты деңгейде болуын қамтамасыз ету. Біз облыстың кәсіпорындарындағыеңбекақы деңгейін үнемі қадағалаймыз. Әсіресе өндірістің қауіпсіздігі жітібақылауда. Сіздердің денсаулықтарыңыз бен өмірлеріңіз - ең қымбат. Сондықтанәрбір қызметкер қауіпсіздік техникасына қатысты қойылатын талаптар ешқашан артықболмайтынын түсінулері керек. Бұл сіздер үшін маңызды», - деді Ерлан Қошанов.

Кездесуден кейін облыс әкімі салынып жатқан 120 орындықвахталық жұмсышыларға арналған жатақхананы аралап көрді. Бөлмелер тұрмыстықтехникамен жабдықталады. Құрылыс аяқталуға жақын. Сонымен қатар, мұндатренажерлары бар спорт кешені мен екі футбол алаңы салынуда.

Соңғы жаңалықтар