Ерлан Қошанов «Жезқазған-Сәтбаев» жолында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Жезқазған-Сәтбаев» жолының учаскесіндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жезқазған мен Сәтбаевқалаларының аралығындағы жолды 2020 жылдың қазан айында толық аяқталады депжоспарлануда. Алайда өңір басшысы қазірден бастап көлік жүргізушілердіңқауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

«Қыркүйек айынақарай, мүмкін болған бетте, жолды бөлетін белгілер мен жолақтар орнатыңыздар. Жазбасталғаннан бері осы бөлікте көптеген апат болады, оның ішінде, өкінішке орай,кісі өлімімен аяқталғандары да бар. Бұл жол «өлім жолына» айналып барады. Жағдайдытүзету керек», - деді өңір басшысы.

Мердігерлер, өзкезегінде, тапсырманы тез орындауға уәде берді.

Қазіргі таңдажөнделетін учаскеде 20 адам және 19 техника, оның ішінде асфаьт таптауыш,автогрейдер, асфальт төсегіштер жұмыс істейді.

Осы жылдың соңынадейін мердігер компания жол төсемін асфальтбетонмен тегістеп, жол жабынынжайластыру және жол жиегін 10 сантиметр қиыршықтас қабатымен тығыздауы тиіс.

Келесі жылы жоспарбойынша Жезқазған мен Сәтбаевтың арасында тас төселген жайлы аялдама павильоны,жиек тастар, трасса бойындағы металл қоршаулар мен көше шамдары пайда болады.

Соңғы жаңалықтар