Облыс орталығында барлығы 756 аула бар. Оның жартысынан көбі жөндеуді қажет етеді.
«Мен қарап отырмын, осы жылы небәрі он тұрғын үйдің маңын жөндеуге қаражат бөлінген екен, - деді ол депутаттармен және Қарағанды қаласы қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу барысында. - Ол дегеніміз өте аз. Ондай жағдайда 386 аула қараусыз қалады. Жөндеу жұмыстарына, менің түсінуімше, өте көп қаражат қажет. Сондықтан ең негізгі қажеттіліктерді: асфальт ауыстыру, шамдар, орындықтар мен тұрақтар орнатуды ойластырған жөн деп ойлаймын. Осылайша біз жылына жүзге жуық аулаларды жөндеп, бес-алты жылда абаттандыру бойынша мәселені толық шеше аламыз», - деді Е. Қошанов.
Аймақ басшысының айтуынша, бірінші кезекте басқарушы мекемелерге бекітілген аулаларды жөндеу керек.
Сонымен қатар қоғамдық кеңес мүшелері қаражатты үнемдеу мақсатында, абаттандыру тізіміне үй тұрғындары өздерінің үлестерін қоса алатын аудандарды қосуды ұсынды.