Мемлекеттік айыптаушы Қуаныш Жексенбаев айыпталушылар Берік Ахметов, Нұрлан Шүкілдіков және Қайрат Ақшановты өмір бойына бас бостандығынан айырып, жазасын ерекше қауіпсіздік колониясында өтеуін сұрады. Сондай-ақ, прокурор соттан әр айыпталушыдан 30 АЕК-ке дейін өндіріп алу және оларға бес жыл бойы аң аулауға тыйым салуды сұрады.
16:26, 17 Ақпан 2020
Ерлан Нұрғалиевтің туыстары браконьерлерден 20 млн теңге моральдық шығын талап етті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты сот ісі бойынша жарыссөз өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.