Ерлан Нұрмұхамбетовтің «Жаңғақ тал» фильмі Пусан фестивалінде топ жарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов Кореядағы Пусан фестивалінде әлемдік премьераны өткізді. Кинокартина байқау көрсетіліміне қатысып, New Currents («Жаңа ағым») секциясы аясында жеңіске жетті.

Қазақстандық фильммен бірге бұл секцияда ирандық режиссер Хади Могахеда (Hadi Mohaghegh) «Бессмертный» фильмі де үздік атанды. Әр режиссер өзімен 30 мың доллардан әкетеді.

«Жаңғақ тал» фильмі негізінде кәдімгі отбасының арасындағы қарым-қатынастар суреттеледі.

«Бұл туынды юмор, жақсылық және кешірім біздің бәрімізді біріктіретіндігін дәлелдейді», - деді белгілі тайвань актрисасы және режиссер Сильвия Чжан.

Екі режиссерді да сенбі күні фестивальдың жабылуында марапаттайды деп күтілуде.

Атап өту керек, режиссер өзінің фильмінің әлемдік премьерасын фестиваль аясында өткізді. Барлығы фестивальде 94 фильмнің әлемдік премьерасы болды.

Еске сала кетейік, 2015 жылы 1 және 10 қазан аралығында Пусан (Оңтүстік Корея) қаласында 20-шы халықаралық кинофестиваль өтті. Биыл оған75 елдің 302 фильмі қатысты.