Ерлан Нысанбаев ҚР экология вице-министрі болып тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Нұрәлиұлы Нысанбаев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ерлан Нысанбаев1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1983 жылы орман шаруашылығыныңинженері мамандығы бойынша Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, 2008 жылы Абайатындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983жылы орман шаруашылығы шебері болып бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік жәнекоммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген.

2009–2013 жылдарыҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетініңтөрағасы лауазымын атқарған.

2013 жылғыақпанда ҚР қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып тағайындалған, 2014 жылғытамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін — ҚР ауыл шаруашылығы вице-министріқызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар