Ерлан Оразбай ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды
10:39, 26 Желтоқсан 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Өкімімен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.