Ерлан Саиров елді алаңдатқан проблемаларға тоқталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметі туралы дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңес мүшесіЕрлан Саировелді алаңдатып отырған негізгі проблемаларды атай келе, елдің мемлекетпендиаолгқа сусап қалғанын жеткізді.

«ПрезиденттіңҰлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлығы ер арасында резонанс туғызды.Орталық қалалардан ғана емес, өңірлерден де адамдар шығып, өз пікірлерінбілдіріп жатыр. Бұл жұртттың билікпен әңгімеге сусап қалғанын көрсетеді. Қазірелімізде қоғамдық-саяси процестерді либералдандыруға деген сұраныс бар екенінкөріп отырмыз. Сондықтан бұл кеңестің қажеттігін барлығымыз түсініп отырмыз», -деп бастады Ерлан Саиров.

Оныңайтуынша, қазір елді еңбек саласы мен азаматтардың мүддесін қорғау, саясиреформалар салаларында көптеген проблемалардың қордаланып қалуы алаңдатып отыр.

«Қазірелдегі қоғамдық-саяси палитра әркелкі. Сайлау, митинг, БАҚ, саяси партиялартуралы заңдардың кейбір тармақтары заман талабына сай емес екенін уақыткөрсетті. Сондықтан, осы тұрғыда ойлануымыз керек. Саяс процестердіорталықсыздандырып, әртараптандыруға сұраныс бар. Саяси шешімдердің барлығы Нұр-Сұлтаннаншықпауы керек екенін айтушылар көп. Жыл сайын Қазақстаннан өз еркімен көшіпжатқандардың саны артып келеді. Ал шекаралық аудандардан халық орталықтарға көшіп жатыр. Бұл тіпті гуманитарлық проблема деуге болады», - деп түйдіКеңес мүшесі.

Оның пікіріне қарағанда, бұл мәселелерді шешу кеңестің негізгі миссиясыболмақ.

«Мемлекеттіңосы мәселелерді шешуге деген ерік- жігері бар. Сондықтан, қазірдің өзінде кеңес жұмысынақатысты оптимистік болжам қалыптасты деп айтуға болады», - деді қоғам қайраткері.

Соңғы жаңалықтар