«Бұл сайлау еліміздің саяси мәдениетін көтеруге жасалған ауқымды бір қадам болды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл сайлау халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Кандидаттар мен олардың штаб басшылары арасында дебат өтті. 2005 жылдан бері алғаш рет оппозиция өкілдері осы сайлауға қатысып отыр және барлық кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдары бірдей қолжетімді болды. Ал әлеуметтік желілерде олар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі аспектілерін сынай алады», - деді Ерлан Сайыров астанада «Сайлау науқанының алдын ала қорытындылары» дөңгелек үстелінде.
Оның айтуынша, кандидаттар мен олардың штаб басшылары арасындағы қызу пікірталас сайлаудалды науқанның есте қаларлық оқиғасы болды.
«Саяси ойдың географиясы кеңейді. Бұған дейін саяси процестер тек қана ірі қалаларда болса, бүгінде аудандар мен ауылдарда да жарыс жүріп жатыр. Адамдар белсенді бола түсті, өз пікірін айтуға қорықпайды. Бұл сайлау еліміздің саяси мәдениетіндегі маңызды кезеңге айналды. Ондағы негізгі күн тәртібі - саяси жүйені либеризациялау. Бүгінде әлеуметтік желілер қызу пікірталас алаңына айналды», - деді Ерлан Сайыров.