Қазақ спортшыларының арасында ең жақсы нәтиже көрсеткен 66 келідегі Ерлан Серікжанов 36-шы орыннан 16-шы сатыға көтерілді.
Осы салмақтағы Елдос Жұмақанов 7-ден 9-шы орынға сырғыды.
60 келідегі Ғұсман Қырғызбаев алтыншы, Елдос Сметов 15-ші орында.
73 келідегі Жансай Смағұлов 9-шы, 81 келідегі Дидар Хамза 33-ші, 48 келідегі Галбадрах Отгонцэцэг 5-ші сатыда.
Еске сала кетейік, дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан дзюдошылары бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды.
Фото: olympic.kz