НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) бүгін жаңартылған рейтингісінде Ерлан Серікжанов жоғарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, Тель-Авивте өткен Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанған Ерлан 11-ден 9-орынға көтерілді.
Қазіргі кезде үздік елулікке енген қазақстандық дзюдошылар мынадай орында тұр:
60 кг
Елдос Сметов – 2 орын (5809 ұпай)
Ғұсман Қырғызбаев – 8 (4170)
66 кг
Ерлан Серікжанов – 9 (3829)
Елдос Жұмақанов – 19 (2775)
73 кг
Жансай Смағұлов – 31 (1965)
81 кг
Дидар Хамза – 24 (2282)
Руслан Мұсаев – 41 (1279)
90 кг
Ислам Бозбаев – 17 (2943)
100 кг
Айбек Серікбаев – 46 (1045)
100 кг
Ерасыл Қажыбаев – 36 (1423)
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Серікжановтың Тель-Авивтегі Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.
Бұл дода жеңімпазы 700 ұпайға ие болса, екінші орын алғандарға 490, қола жүлдегерлерге 350 ұпайдан берілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).