«Кез келген оқу орнының мақсаты - қоғаммен тығыз байланыста болу. Қоғам - біздің әрі тірегіміз, әрі тілегіміз. Бағалаушымыз да - қоғам, бағыттаушымыз да - қоғам. Сонымен бірге қоғам білім жүйесінің, әсіресе жоғары мектептің өркендеуіне аса мүдделі. Өйткені білім мен ғылым - қоғамнның бағдаршамы. Осы ретте университет пен қоғамның арасындағы алтын көпір - бұқаралық ақпарат құралдары», - деді университет басшысы.
Сонымен қатар ол бір жыл ішінде университеттің бағыт-бағдарын, табыстарын қоғамға кеңінен жеткізген газет-журналдарға, телевидение-радиоға, интернет сайттары мен әлеуметтік желілерге шексіз рахметін айтты.
«Әлеуметтік-мәдени өмірдің қайнауында тұрған университет Елорданы ғана емес, тұтас елді ғылым-білім, мәдениет тұрғысынан сусындатуға қабілетті екенін тағы да бір естеріңізге саламыз. Мен БАҚ-тағы әріптестерімізге, өзіміздегі мамандарға отандық телеарналардың бірінен «Авторлық Prime -Time жастар телевидениесін» қалыптастыруды ұсынамын. Ақыл қоссақ, күш біріктірсек, бұл ойдың жүзеге асатынына толық сенемін», - деді Ерлан Сыдықов.