Ерлан Төлегенов 1979 жылғы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің басқару органдарында, Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында, кейіннен Астана қаласының прокуратурасында қызмет етті. 2011 жылдан бері Бас көлік прокуратурасы басқармасы басшысының орынбасары, кейіннен басшысы болып қызмет атқарды.
Жалпы прокуратура органдарында 9 жылдық еңбек өтілі бар.