ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы қызметіне Ерлеген Мендалиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы 1972 жылы 3 желтоқсанда Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы Балықшы ауданында дүниеге келген.
Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң институтын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Мемлекеттік тергеу комитеті Ақтау қаласы бойынша тергеу бөлімінің тергеушісі қызметінен бастаған.
1997-2005 жылдар аралығында Ақтау қалалық ішкі істер басқармасында еңбек етті.
2005-2023 жылдар аралығында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы, департаментінде бөлім бастығы, басқарма және департамент басшысының орынбасары, Тәртіптік кеңес, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі болған.
Сурет: Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.