Белгілі болғандай, бұл отбасының Николас есімді баласы «Saturn Ion» автокөлігімен апатқа ұшырап, ажал құшқан. Атап айтқанда, бұл көлік моделі осы компания ақаулары үшін қайтарып жатқан автомобильдердің арасында болған екен. Осы орайда Бэйкерлер отбасы концерннен 500 млн. доллар көлемінде өтемақы талап етуде.
Олардың қорғаушыларының түсіндіруінше, апат кезінде бұл жігіттің көлігінде қауіпсіздік жастықшалары іске қосылмаған.
Осының алдында «General Motors» 1,6 млн. көлікті қайтарып жатқандығы жайында мәлімдеді. Бұған оталдыру жүйесіндегі ақаулық салдарынан 14 адамның ажал құшуы себеп болды.