Олардың тірі екендіктерін білген немістер артынша шаяндарды босатуды жөн көріпті.
Мейрамхананың бас аспазшысы әйелдің бірден шаяндарға назар аударғанын айтады. Ол аспазшыға барып, «шаяндар тірі ме» деп сұрап, сатып алу мүмкіндігі жайлы біліпті. Осыған орай мейрамхана 500 еуроға деликатесті сатуға келісім берген. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.
Неміс жұбына бостандықта бұл шаяндардың тірі қалу мүмкіндігі аз деп ескертілгенімен, туристер оларды босатуға шешім қабылдаған. Шаяндар арнайы қорапқа салынып, артынша теңізге жіберілді.
«Бұл жерде жұмыс істеп жатқаныма он жыл болды, бірақ мұндай оқиғаны ешқашан көрген жоқпын», - деді таңданысын жасыра алмаған мейрамхана қожайыны, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.