Аталған жжертөледен 41 млн. көлеміндегі итальяндық бұрынғы лир банкноттары табылған. Ерлі-зайыптылар ескі ақшаны еуроға айырбастауға ниеттенгенімен, алайда Bankitalia банкі тарапынан кедергілерге тап болды.
Банк өкілдері лирді еуроға айырбастаудың мерзімі баяғыда өтіп кеткендігін және табылған ақшаның барлығы тек макалатура екенін алға тартып отыр.
Ескі ақшаны тауып алған бұл отбасы осы іске заңгерлер мен сарапшыларды тартып, оны сот арқылы шешпек. Ал егер көздегендері іске аспаса, онда ерлі-зайыптылар банкноттарды коллекция жинаушыларға сатып жібермек, деп жазады Росбалт.