Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов осылай айтты.
Оның хабарлауынша, соңғы үш айдың ішінде некені бұзу оқиғалары 6,4 пайызға жиілеп кеткен. Бала туу деңгейі өткен жылмен бірдей, ал нәрестелердің өлім-жітімі 12 пайызға қысқарды. «Қаңтар-мамыр айларында АХАТ органдары 34 мың некені қиды. Бұл өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда, 3 пайызға артық. Алайда 11,6 мың отбасының тұз-дәмі жараспады. Қазіргі таңда ерлі-зайыптылардың айырылысу оқиғаларының саны артып отыр», - дейді Ә.Смайылов.