АСТАНА. KAZINFORM – Түркияда соңғы күндері кейбір топтар жиналыс пен шеру өткізу құқығын асыра пайдаланып, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасап, азаматтардың қауіпсіздігін бұзып, қоғамдық тәртіпке қайшы әрекеттенді. Түркияның ішкі істер министрі Али Ерлыкая «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында осылай жазды, деп хабарлайды Report.
Оның айтуынша, 2025 жылдың 19-23 наурызы аралығындағы заңсыз наразылықтар кезінде 123 полиция қызметкері жарақат алған.
Ол полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған, мемлекет мүлкіне зиян келтірген және азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін 1133 күдікті ұсталғанын атап өтті. Ұсталғандар арасында 12 түрлі террористік ұйыммен байланысы бар тұлғалар да бар.
Ерлыкая жерлестерін тәртіпті сақтауға, сақтыққа, парасаттылықпен әрекет етуге шақырды.
Айта кетейік, Түркиядағы наразылыққа байланысты Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мәлімдеме жасады.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы