Металлургтер мәдениет үйі залында Ермағанбет Бөлекпаев әріптестерімен бірге қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Кездесу екі жарым сағатқа созылды.
Осы уақыт ішінде 69 адам жүгінді. Әрбір екінші тұрғын облыс әкіміне сұрақ қойды.
Балқаштықтарды ерекше толғандыратын және бірінші кезекте тұрған мәселе – сумен жабдықтау.
Ермағанбет Бөлекпаевқа бірінші нөмірлі талонды Тайтөлеу Жұманов бастаған ардагерлер кеңесінің тобы алды.
Белсенділер су тапшылығы мәселесін шешу бойынша өз ұсыныстарын айтты. Ал Балқаш көлінің экологиясын жақсарту үшін қамыс тоғайларынан құтылу мақсатында шығанақтағы бөгеттер жүйесін өзгерту қажет деп санайды.
«Біз таза ауыз суды шамадан тыс көп жұмсаймыз. Біз онымен бақшаларымызды суарамыз. Комбинат та оны санитарлық-тұрмыстық қажеттілігіне пайдаланады. Сонымен қатар, бұл суды автокөлік жуу орындары да тұтынады. Мұны реттеу қажет, айналымдағы су пайдаланылуы тиіс. Біздің сөзімізге мемлекеттік органдар құлақ асты, барлық ұсыныстарымызды жазып алды. Кездесуге ризамыз», – дейді Тайтолеу Жұманов.
Тұрғындар сонымен қатар абаттандыру, әлеуметтік инфрақұрылым мен жолдардың сапасы, туризмді дамыту мәселелеріне қатысты ойларын жеткізді. Сонымен қатар, жер, тариф белгілеу, әлеуметтік көмек және медициналық қызметтер мәселелері көтерілді.
Жергілікті мәселелермен де келгендер болды. «Қазпошта» жұмысына шағымданды: Балқаштағы абоненттерге газеттер үлкен кідіріспен жеткізілетінін айтты.
Қаладағы білім саласы бастауында тұрған танымал ұстаз Зинитулла Далибаевтың есімін мәңгілікке асқақтатуды сұрады.
Кездесуге Алматыдан келген қоғам қайраткері Әйгерім Тілеубай экологиялық қауіпсіздік жобалары туралы айтып берді. Ол пікірлестерімен бірге Балқаш көліне қамқорлық жасауға бағытталған мектеп ұйымдастырған.
Балқаш қаласының белсендісі Анар Адамбекованың пікірінше, кездесулердің жаңа форматы қызық.
Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясына дәл келетін кездесу болғанын да атап өтті.
«Оның тиімді болуы маңызды. Мұнда барлық бөлімшелердің басшылары орналасқан. Егер адам жауапқа қанағаттанбаса, олар аймақ басшысына тікелей жүгіне алады. Бұл дұрыс деп санаймын, әр мәселе өз деңгейінде шешілуі тиіс», – деп атап өтті Балқаш қаласы әкімінің кеңесшісі.