АСТАНА. ҚазАқпарат - Сиднейдегі олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов қазақстандық Геннадий Головкиннің алдағы мансабы жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.
«Геннадий - кемеліне жеткен боксшы. Алдағы Сауль Альвареспен болатын жекпе-жектен кейін оған кәсіби мансабын тоқтату керек деп есептеймін. Чемпион болып кету керек. Ал болашақта ол толықтай бизнеспен айналыса алады», - деді Ыбырайымов.
Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.