«Бокс кеші өздеріңіз көргендей аса тарысты, өте қызықты өтті. Басты жекпе-жек Қанат Ислам мен Брэндон Куктың арасындағы бұл бокс кеші еліміздегі ең мықты айқастардың бірі болып тарих қойнауында мәңгі сақталатын болады. Барлық боксшылар тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Ешкім жанкүйерлерін жерге қаратқан жоқ. Бұл қазақ елінің, егемендігіміздің мақтанышы. Осындай тәуелсіз ел болмасақ, бұл бокс кеші де болмас еді. Сондықтан әр қазақ тәуелсіздіктің қадірін білу керек», - деді Ыбырайымов.
Сондай-ақ Олимпиада чемпионы Астанадағы бокс кеші жастарды спортқа тартуға үлкен септігін тигізетінін атап өтті.
«Елімізде осындай халықаралық деңгейдегі жарыстар жиі өтуі жастарды спортқа шақыруға үлкен күш салады. Қанатқа еліктеп жүрген қаншама қазақ баласы бар. Бүгін әр қазақ өз шаңырағында отандасының өнерін тамашалады. Бұны көрген әр жас ертең спортқа деген қызығушылығы оянады. Сол үшін осындай жарыстарды елімізде жиі өткізу керек», - деп атап өтті ол.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Астанада Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы бокс кешінде Қанаттан өзге тағы сегіз отандасымыз шаршы алаңға шығып, барлығы да қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтқан болатын.