Ермек Көшербаев Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Құрылтай депутаттарын сайлауына дауыс берді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Сыртқы саяси ведомствоның басшысы #514 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Айта кетейік, еліміздің барлық өңірінде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру 10 423 сайлау учаскесінде өтеді.