Ермек Көшербаев шахтадағы қайғылы жағдай бойынша компания жауапкершілігі туралы айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев шахтада қаза болған жұмысшылардың отбасыларына қолдау көрсетілетінін айтты.

Фото: Primeminister.kz

Оның сөзінше, тиісті комиссия құрылды. Шахтада қаза болған жұмысшылардың отбасыларына барып, жағдайымен танысқан. Бұл қайғылы оқиға бойынша тергеу амалдары мен комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін, жауапкершілік мәселесі қаралады.

«Әкімдік марқұмдардың отбасындағы балаларына көмек көрсетеді. Отбасы мүшелерін жұмыспен қамтамасыз етуге назар аударылып отыр. Атап айтқанда, олар назардан тыс қалмайды. Сонымен қатар, тергеу амалдары аяқталғаннан кейін, компанияның жауапкершілігі белгілі болады», - деді Е.Көшербаев Парламент палаталарының бірлескен отырысының алдында тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұған дейін хабарланғандай, 31 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысындағы «Ертіс» шахтасында 4 адам қаза болды.

1 қыркүйекке қараған түні KAZ Minerals компаниясына қарасты «Артемьев» шахтасында үстіне тас құлап кеткен мердігер ұйымның үңгушісі қаза болды.