Осы орайда, Туризм және спорт минстрі Ермек Маржықпаев Олимпиада ойындарындағы спортшыларымыздың аяқ алысына өз бағасын берді.
«Кеше Елдос, міне, бүгін Ғұсман бізді қуантып жатыр. Бұл біздің үшінші медаль. Екі күнде 1 алтын, 2 қолаға қол жеткізу өте жоғары жетістік деп есептеймін. Алда тағы да спортшыларымыз осындай қуанышты сәттерді жалғастыра береді деп ойлаймын», - деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, Қырғызбаев қола медаль үшін белдесуде сербиялық татами шеберінен айласын асырып, ел қоржынына Олимпиаданың үшінші жүлдесін салды.