Ермек Маржықпаев пен Геннадий Головкин олимпиадалық ауылды аралады

Фото: ҚР ҰОК

ПАРИЖ. KAZINFORM – Бүгін Туриз және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин олимпиадалық ауылға барып, спортшылармен кездесу өткізіп, Қазақстан атлеттерінің жағдайымен танысты.

Кездесу бапысында министр мен ҰОК басшысы спортшыларға сәттілік тілеп, алдағы Олимпиадада табысты өнер көрсетуге тілектестік білдірді.

Айта кетейік, біздің спортшылар қатысатын алғашқы бәсекелер бүгін басталды. 25 шілдеде садақ атушылар іріктеуден өтуде. 

Фото: Сали Сабыров, ҚР ҰОК

Париж Олимпиадасына спорттың 25 түрінен 80 қазақстандық спортшы жолдама алды. Ойынның ашылу салтанаты 26 шілдеде өтеді.

Бұл күндері Франция астанасы Париж қаласында өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлері толығымен аяқталды. Қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Фото: Сали Сабыров, ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алды.

Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі.

Фото: Сали Сабыров, ҚР ҰОК

Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған.