Ермек Маржықпаев 19 жастағы футболшының өлімін жеке бақылауына алды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат –Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев көз жұмған 19 жастағы футболшы Роман Зюзиннің отбасына көңіл айтып, бұл істі жеке бақылауына алатынын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Біріншіден, Романның ата-анасына қайғырып, көңілайтамын. Екіншіден, бөлек комиссия қызметтік тергеу жүргізетін болады. Мәселеніжеке бақылауыма аламын», - деп жазды Ермек Маржықпаев Instagram-да.

Еске сала кетейік, «Оқжетпес» командасының құрамындаойнаған 19 жастағы футболшы 14 тамыз күні Көкшетаудакөз жұмды.

Дәрігерлер оныңөлімінің себебін «ауруханаға кеш қаралу, сепсистік жағдаймен асқына түскеніріңді қабыну процесі» депатады.

Кейін РоманЗюзиннің туған-туыстары әлеуметтік желі арқылы ем-домның дұрысжүргізілмегендігіне қоғамның назарын аудартпақ болды.

Ақмола облыстықПолиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, футболшыныңата-анасының әлеуметтік желідегі жазбасы бойынша «Медициналық немесефармацевтикалық қызметкердің өз кәсіби міндетін дұрыс орындамауы» бабымен сотқадейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Авторы: ОксанаМатасова

Соңғы жаңалықтар