Ермек Маржықпаев: Ақмола облысында эпидахуалды тұрақтандыруға бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр
«Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған жұмыс жүргізілуде. Соңғы аптада жалпы аурудың орташа өсімі 0,8 пайызды құрады.
Соңғы тәуліктерде - 1,2 пайыз немесе 99 жағдай. 526 адам стацонарда ем алып жатыр. Оның ішінде 41 адамның жағдайы ауыр. Аурудың артуына жол бермеу және карантин шараларын күшейту үшін барлық қажетті шара қолданылады», - деді ол.
Оның айтуынша, азық-түлік емес дүкендердің, сауда ойын-сауық орталықтардың жұмыс тәртібі 30 пайыз толуына қарай таңертеңгі сағат 10-нан 22-00-ге дейін, үй-жайлардағы қоғамдық тамақтану нысандарының қызметі сағат 09-00-ден 20-00-ге дейін шектелді. Мониторинг топтарымен жыл басынан бері 346 рейд өткізілді. 1 212 нысан қамтылды. Өткен аптада инфекциялық стационарларда, оның ішінде ауылдарда төсек-орын саны артты. Реанимациялық төсек-орындардың жабдықталуы 100 пайызды құрайды.
«Бүгінгі таңда Ұлттық сараптама орталығының бірыңғай порталымен ықпалдастырылған 3 зертхана жұмыс істейді. Тәулігіне 1 700-ден 2 мыңға дейін тест өткізіледі. Қажеттілігіне қарай зертханалардың резервтік қуаты тәулігіне 7 мыңға дейін тест өткізуге мүмкіндік береді», - деді Ермек Маржықпаев.