«Аршалы және Целиноград аудандарының 20 елді мекенін газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Көгілдір отынға қосылу мүмкіндігіне ауылдық жердегі 35 мыңнан астам адам ие болады», - деді Е. Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, қазіргі кезде 100 мыңнан астам тұрғыны бар Целиноград ауданының тағы 8 елді мекеніне газ тартуға жобалық құжатнама дайындалып жатыр.
«Екінші кезектегі құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылы басталып, кезең-кезеңмен 2023 жылы аяқталады. Газбен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімдігінің ерекше бақылауында тұр», - деді ол.