Ермек Маржықпаев: Өмір сүру сапасын арттыру – басты міндет

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойған міндеттерді талқылау бойынша өткен облыс активі жиналысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Жиында облыс әкімі өңірдегібірінші жартыжылдықта халықтың табысын арттыру және өмір сүру сапасын жақсартубойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

«5 600 жұмыс берушіең төменгі еңбекақы алатын жұмысшылардың айлығын 15-40 пайызға арттырды. Бұл яғни,кәсіпорындардағы 39 мың жұмысшы. Жалпы,бюджет мекемелеріндегі төмен еңбекақы алатын 32 мың жұмысшының айлығыорташа 35 пайызға өсті. Маусымның 1-ненбастап, бюджеттік мекемеде еңбек ететін56 мың жұмысшының еңбекақысы 30 пайызға көтерілді», - деп атап өтті аймақбасшысы.

Ермек Маржықпаевтыңайтуынша, облыста баспанамен қамту, ауыл және қала инфрақұрылымын дамытумәселелері біртіндеп шешіліп жатыр.

«Нұрлы жер»бағдарламасы бойынша көппәтерлі 35 тұрғын үйдің салынып жатыр. 2019 жылы 5мыңнан астам пәтер құрылысы аяқталуы тиіс болса, қазір олардың 2,3 мыңнанастамы пайдалануға берілген.

«Биылғы жылыхалықты әлеуметтік жағынан осал топтарына жалдамалы пәтер қорынан 526 пәтер бөлу жоспарланған болса, қазіркөпбалалы және өзге санаттағы барлығы 195 отбасы баспаналы болды», деп түйіндедіаймақ басшысы.

Соңғы жаңалықтар