Ермек Серкебаевқа арналған коллекциялық монета айналысқа шығады

АСТАНА. KAZINFORM – Коллекциялық монеталар 28 мамырдан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.

Фото: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «E. SERKEBAEV. 100 JYL» және «Жүректен жүрекке» сериясынан «AINALAIYN» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

Ермек Серкебаев (1926-2013) – көрнекті кеңес және қазақ опера әншісі (лирикалық баритон), педагог және актер. КСРО халық артисі (1959) және Социалистік Еңбек Ері (1986). 1947 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының солисі болды. Кеңестік опера сахнасында «Севильский цирюльник» операсындағы Фигаро партиясын және ұлттық «Абай» операсындағы Абай партиясын орындауы арқылы кеңінен танылды. Монета дизайнында Ермек Серкебаевтың портреттік бейнесі пайдаланылған.

Фото: Ұлттық банк

Монета мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – 7 000 (жеті мың) дана.

Монетада құрақ көрпені еске түсіретін композиция бейнеленген. Монета жиегінің бойымен шеңбер жасап қайталанған «AINALAIYN» сөзі шетінен ортасына қарай ағылған қозғалыс әсерін береді. Композицияның ортасында шуақты күн бейнелі ою-өрнекпен көмкерілген «Жүрек» элементі орналасқан. Бұл бейнелер жылулықты, шексіз махаббат пен шынайы қамқорлықты білдіретін қазақтың «Айналайын» сөзінің мағынасын ашуға арналған.

925 сынамалы күмістен жасалған. Дайындау барысында түрлі түсті баспа және құбылмалы кемпірқосақ реңкті (интерференциялық) қабат технологиясы қолданылған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 3 000 (үш мың) дана;

Фото: Ұлттық банк

мельхиор (МН 25) қоспасынан тұрады, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – 10 000 (он мың) дана.

Фото: Ұлттық банк

Монеталардың барлық түрі елдің бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға және аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Айта кетелік Қазақстанда FIFA WORLD CUP 2026 монеталары сатыла бастаған еді.