Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Нұрлан Ермекбаев министрліктің дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттестігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған қызметі туралы баяндап берді.
Кездесуге қатысушылар мемлекет-діниаралық мәселелері бойынша пікір алмасты.
Иудаизм, ислам, христиандық Израильдің 3 негізгі діндері болып саналады.
Йехуда Вайнштейн Қазақстанның мемлекеттік құрылысының зайырлық моделі табысты және тиімді деп атап өтті, сондай-ақ әр мемлекет, оның ішінде дамыған батыс демократиялары, діндер және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы оның ерекшелігін ескеретін өзінің заңдарын қабылдайды және де қабылдауы тиіс деп ерекше атап өтті.